Бастауышқа арналған оқу кітабы.- Алматы:
- shetbalalar kitapkhanay
- 13 авг. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Мемлекеттік тілді дамыту институты.-2019.-
144 бет.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы бірігіп
1928 жылы 3-4сынып оқушыларына арнап хрестоматия
шығарған. Бұл оқу құралы көп жыл ұлттық кітапхана
қорында қозғаусыз жатып, тек 2004жылы бүгінгі әліпбимен қайта басылған болатын. Сондай-ақ еңбек 2013 жылы А.Байтұрсынұлының алты томдығына, 2017 жылы Т.Шонановтың бес томдығына бес томдығына енгізілді. Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері тек жәдігер ретінде ғана емес, бүгінгі оқушыға да пайдалы оқу материалы болатындығын уақыт өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан Мемлекеттік тілді дамыту институты бұл хрестоматияны өңдеп, іріктеп түрлі-түсті суреттермен безендіріп, бүгін қолдануға дайын күйінде балаларға қайта ұсынып отыр. Ондағы білім мен ақпарат бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келеді. Оқу құралының тілі жатық және құралдың бүгінгі оқушы үшін де берері мол.
Comments