top of page
White Structure

     Кітапана жайлы

      «Шет  аудандық   орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» бойынша  28 кітапхана   оқырмандарға  қызмет  көрсетеді.  Оның   ішінде   өскелең   ұрпаққа   қызмет  көрсететін Шет аудандық  балалар   кітапханасы,  Ақадыр  балалар  кітапханасы,  24  ауылдық, кенттік    кітапханалар бар.

Шет  аудандық  балалар  кітапханасы   1975  жылдары ашылған.

     2008 жылдың   11  наурызынан  аудандық   балалар   кітапханасы Облыстық Мәдениет Басқармасының нұсқауы бойынша  аудандық мәдениет бөлімінің  бұйрығымен «Жаңа   үлгідегі»  кітапхана   болып   құрылды.  Кітапхана  іші  облыстық мәдениет департаменті  және жергілікті бюджет арқылы жаңа  жиһаздармен  толықтырылып,жаңа заман   талабына  сай   ақпараттық   технологиялармен  қамтамасыз   етілген.   Кітапханада  9128 дана  кітап  қоры  бар,   19 атаудағы    мерзімді  басылымдармен қамтылған. 2016 жылы ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, жаңа заман талабына сай терезе,есіктері ауыстырылып, төбе,еден іргелері жаңартылды, су құбыры кіргізілді.

      Кітапханада  оқырмандар  залы   0-4 сынып, 5-9 сынып    оқушыларына  абонемент    бөлімдері  қызмет   етеді.   Кітапханада- кітапхана  меңгерушісі,   әдіскер,   библиограф,   оқу  залының    кітапханашысы,абонемент   бөлімінің   2   кітапханашысы, бағдарламаушы  қызмет  етеді. Сонымен қатар  4 күзетші,1 еден жуушы ,электрик штаттары бар,  барлығы 13 адам.

Шет аудандық балалар кітапханасындағы өткізілген барлық іс-шаралар wix сайт,инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілеріне  салынып отырады.

Кітапханамыз аудандық  музей, Ж. Ақылбаев  және  Ы.Алтынсарин    атындағы    мектеп   гимназияларымен,   «Балдырған»,   «Нұрдәулет»  балабақшасымен,   «Шет  шұғыласы»  редакциясымен,  ауылдық, кенттік   кітапханалар  жергілікті  жерлердегі    мектептермен  бірігіп  жұмыс  атқарады.

bottom of page