2022 жыл- «Балалар жылы» аясында «ҚИЯЛЫМДАҒЫ ЕРТЕГІ»атты аудандық
ФАНФИКШЕН байқауы
ЕРЕЖЕСІ
I. Жалпы ережесі
1.1. Осы ереже «ҚИЯЛЫМДАҒЫ ЕРТЕГІ» фанфикшен байқауының ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібін айқындайды.
1.2. Шет аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырады.
II Байқаудың мақсаты мен міндеті
2.1. Байқау мақсаты:
Жас талантты авторларды табу және қолдау, олардың бойындағы дарындық қабілеттерін арттыру.
2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:
- көркем әдебиетті оқуға тарту;
- әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өз ойын еркін, ашық айтуға баулу.
IІІ. Байқаудың талаптары мен шарттары
3.1. Байқауға 7-11 жас аралығындағы барлық ауылдық, аудандық, кенттік кітапханаларының оқырмандары қатыса алады;
3.2. Байқауға қатысу үшін қатысушы өз фанфикщендерін (берілген ертегіні өз қиялымен, әлеуметтік желінің көмегінсіз, ертегіні аяқтау) жазып, суретке түсіріп жібереді;
3.3. Фанфикшен қазақ тілінде қабылданады;
3.4. Байқауға қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы жазылады;
3.5. Байқау жұмысы (электронды түрде) мына электронды мекен – жайға жіберіледі: shet-00@mail.ru
3.5. Байқау 2022 жылдың 3 ақпаннан 25 ақпанға дейін жүргізіледі
3.6. 2022 жылдың 1 науырызында байқау қорытындысы шығарылып, ұсынылған жұмыстар бағаланады.
3.7. Жұмысты ресімдеудегі техникалық талаптар: - шрифт - Times New Roman; 14 өлшем; 1,5 интервал арқылы жазылады;
ІV.Байқау қорытындысын жүргізу және жеңімпадарды марапаттау
4.1. Байқау қорытындысын жүргізу үшін әділ қазылар алқасы сайланады;
4.2. Байқау жұмыстарын бағалау үшін әділ қазылар алқасы ережеде бекітілген талаптарды басшылыққа алады;
4.3. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.
4.4. «Ең үздік» фанфикшен жеңімпазының шығармасы аудандық «Шет өңірі» газетіне басып шығарылады.
Шет аудандық балалар кітапханасына
сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады
Тел: 21-7-72
8 7013130883 Ляззат Амановна
87781863446 (WhatsApp)Айгул Абилкадыровна
Қазақстандағы «Балалар жылына» орай«Менің туған өлкем- керемет сұлу екен»
атты аудандық сурет-пейзаж байқауы
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың қатысушылары мен ұйымдастырушылары:
1.1. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Менің туған өлкем- керемет сұлу екен» атты аудандық сурет-пейзаж байқауы ұйымдастырылады.
1.2. Байқауды ұйымдастырушы – Шет аудандық балалар кітапханасы
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Балалардың бойына белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыра отырып, адамгершілікке және өз отанын сүйе білуге тәрбиелеу;
2.2. Оқушылардың қиялын, бейнелі ойлауын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
2.3. Балаларды көркем шығармашылықпен айналысуға тарту.
3. Байқаудың өткізілу тәртібі
3.1. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 04 сәуірден – 23 сәуір аралығында төмендегі электрондық поштада қабылданады.
shet-00@mail.ru
3.2 Байқауға жіберілген жұмыстар иесіне қайта қайтарылмайды.
4. Байқаудың талаптары мен міндеттері
4.1. Байқауға 6 жастан 12 жасқа дейінгі барлық аудандық, кенттік, ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатыса алады.
4.2. Байқауға қатысушы «Менің туған өлкем- керемет сұлу екен»
атты тақырыпқа сай сурет салады.
4.3. Сурет жұмысы кез-келген техникамен салынған (май, акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.) болуы мүмкін.
4.4. Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG немесе GIF форматында электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт . Жұмыстар А4 бетінде салынған болуы керек.
4.4. Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны – 1 данадан артық
болмауы қажет.
5. Байқау қорытындысын шығару
5.1. Қорытынды шығару мен үздік жұмыстарды анықтауды қазылар алқасы келесі критерийлерге сәйкес жүргізеді:
- жұмыстың рәсімделу (оформление) ерекшелігі мен эстетикасы;
- шығармашылық ойдың тұтастығы;
5.2. Жеңімпаздар дипломмен және сертификаттармен марапатталады.
5.3.Балаларды байқауға белсенді қатыстырған кітапханашылар алғыс хатпен марапатталады.
5.4. Байқау жұмыстары 23.04.2022 жылға дейін қабылданады
5.5. Байқау қорытындысы туралы ақпарат Шет аудандық балалар кітапханасының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
6. Қазылар алқасы
Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кемінде 5 адам – Шет аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары, меңгерушісі, әдіскері, аудандық орталық кітапханасының әдіскерлері кіреді. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефондары:
8 (7212) 21-7-72; 7 7013130883 Шликбаева Ляззат Амановна
8 7781863446 Бакирова Айгул Абилкадыровна