top of page

                                            Аудандық     балалар кітапханасы.

    Шет аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесіне қарасты аудандық  балалар кітапханасы 1975 жылы ашылды.

    2008 жылы 11 наурызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №14 бұйрығына сәйкес "Модельді кітапхана"  мәртебесін алды.

      Кітапхана ғимаратының аумағы 129,5 ш/м тұрғын үйде орналасқан, электр  жүйесі арқылы жылиды. 2011жылы жаңа                          жиһаздармен жабдықталды.

    Кітапхана меңгерушісі  Шликбаева Лаззат Аманқызы. 

    Балалар кітапханасының кітап қоры 9055 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 8122дана. Кітапханаға 19 атаудағы мерзімді басылымдар алады, оның 17 данасы балаларға арналған басылымдар, (14 журнал, 5 газет).

Кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңа үлгідегі кітапханаға сай жабдықталған: интернет жүйесін пайдаланушылар үшін үш   компьютер қойылған, қызметкерлердің жұмыс атқаруына арналған  төрт компьютер бар, сонымен бірге бір МФУ, бір лазерлік принтер, бір түрлі-түсті принтер, факс-телефон бар. Кітапхана ADSL технологиясы арқылы интернет жүйесіне қосылған.

Кітапханада библиографиялық бөлім арқылы оқырмандарға қызмет көрсетіледі, оқырман сұраныстары интернет арқылы да орындалады, электронды құжаттардың берілімі есепке алынады.

Кітапханада РАБИС бағдарламасы қойылған, осы бағдарлама арқылы  кітаптар және мерзімді басылымдарға материалдарды электронды  каталогқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханада «Мұрагер» атты қазақтың салт – дәстүрлерін насихаттау  барысында әр түрлі іс шаралар ұйымдастыратын қызықтыру клубы жұмыс  атқарады.

«Мұрагер» деген айдармен оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, поэзияға деген құштарлығын оятып, ақындық өнерге жақын балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған қызықтыру клубы бар.

«Өнерлінің қолы-алтын» атты қызықтыру клубы жас оқырмандарды қолөнер түрлерін үйренуге баулу және атақты қолөнер шеберлерінің шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Кітапхана тұрақты оқырмандардың ата-аналарымен, мектеп мұғалімдері және балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады, олармен біріге іс-шаралар өткізеді. Мысалы: «Ұстаздық қызмет-ұлы құрмет», «Кітап- адал. ақылшы досың», «Қойнауы тарих-киелі мекен», "Менің сүйікті кітаптарым", "Келешектің кепілі- кемел білім"  деген тақырыптарда әр түрлі кездесу кештері, викториналық,  интелектуалдық ойындар, сайыстар  өткізіледі.

               Мұнда Сіз біздің кітапхананың жұмысы туралы жаңалықтарды табасыз.


Бізге жазыңыз: shet-00@mail.ru
Телефон соғыңыз: телефакс +7(710-31)21-7-72 
Ең дұрысы өзіңіз келіңіз. Күтеміз!

Кітапхананың жұмыс тәртібі

Кітапхана оқырмандар үшін 9.00 – 18.30 дейін жұмыс істейді.

Үзіліс уақыты 13-00 ден-14-30ге дейін

Демалыс күні — сенбі, жексенбі

Әр айдың соңғы күні — тазалық күні

bottom of page