Жаңа үлгідегі аудандық орталық балалар кітапханасы.

    Шет аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесіне қарасты аудандық орталық балалар кітапханасы 1975 жылы ашылды.

    2008 жылы 11 наурызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №14 бұйрығына сәйкес жаңа үлгідегі кітапхана болып қайта құрылды.

    Кітапхана ғимаратының аумағы 129,5 ш/м тұрғын үйде орналасқан, электр  жүйесі арқылы жылиды. 2011жылы жаңа жиһаздармен жабдықталды.

    Кітапхана меңгерушісі  Ахмет  Шахаризада  Қамиқызы,  мамандығы кітапханашы. 

   Балалар кітапханасының кітап қоры 8013 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 7107дана. Кітапханаға 19 атаудағы ...

   Құрметті жас оқырмандар, ата-аналар!

     Біздің сайт арқылы оқырмандарға арналған кітаптар мен оқырмандардың шығармашылық жұмыстары, сонымен қатар оқырмандармен бірлесе отырып ұйымдастырылған іс-шаралар т.б. мәліметтерді көріп, таныса аласыздар.

 

   ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

 "Кітап маған тақтанда да қымбат"

                                                                                                                                      Шекспир.

     "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.

       Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиенелері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Ендеше Сіздің де балаңыздың кітап оқуына, алғашқы кітабының суреттерін бірге көріп, жарқын болашағына жол ашатын да ол - Сіз! "Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда Сіз бен Біз болып балаңыз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп кітап мұхитына саяхатқа бірге аттануына ат салысайық. Біздің осы сайт беттерінде жарияланған материалдарымыз Сіздердің көптеген сұрақтарыңызға жауап береді деген үміттеміз.

                            

      

Құрметті кішкентай оқырман!

                                                                      Сізді кітапханамызға шақырамыз, келіңіз, асыға күтеміз.

                 

"Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне" қарасты екі балалар кітапханасы жұмыс жасайды:

                                          

    1. Шет аудандық орталық балалар кітапханасы

    2. Ақадыр ауылдық балалар кітапханасы 

 
Please reload

Соңғы жаңалықтар

This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now