top of page
Поиск

Қу түлкі

  • Фото автора: shetbalalar kitapkhanay
    shetbalalar kitapkhanay
  • 13 авг. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: - Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: - Мүмкін емес,— дейді. - Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: - Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады. - Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.



 
 
 

Comments


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page