Гүл көктемнің алғашқы, ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі - Халықаралық əйелдер күні құтты болсын! Табиғат тіршілігі көктемнен басталса, адамзат өз өмірінің бастауын – Анадан алады. Әйел – Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Біздің аналарымыз - жарқын істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйтқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі.
Осы мейрамға орай Шет аудандық балалар кітапханасында «Адамзаттың асылы- ана» деген тақырыбында мерекелік кеш өтті. «Ана- өмір гүлі» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. Мерекелік кешке кітапханадағы «Өнерлінің қолы- алтын» атты үйірмесінің мүшелері де қатысып, аналарына арналған өлеңдерін оқып, әсем әндерін, билерін және үйірмеде жасаған жастықшалары мен ашық хаттарын тарту етті. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер өз лебіздерін білдіріп жатты.
Comments