top of page
Поиск
  • Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Ұрпаққа ұран Ұлы Жеңіс»

Ұлы Жеңістің мерейлі жетпіс сегізінші көктемі қандай шуақты десеңізші! Жыл сайын мамырмен келетін осынау мереке - мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата - бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда қалады. Осы мерекеге орай аудандық балалар кітапханасында «Ұрпаққа ұран Ұлы Жеңіс» атты тарихи сағат өтті. Шарада Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларымызды еске алу үшін 1 минут үнсіздіктен басталды. Оқырмандарға соғыс туралы түсіндіріліп, жеңістің қалай келгені айтылып өтілді. Оқырмандар Ұлы отан соғысының жеңіс күніне арналған өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы соғыс туралы жазылған кітаптардан «Жеңістің рухы мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды. Шараға қатысқан оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтары артып көрмедегі кітаптарды кезек-кезек алып танысты. Шара соңында Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешіп жатқанымыз туралы оқырмандармен қызықты деректермен бөлісіп, соған қатысты сұрақ жауап қойылды.







0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page