top of page
Поиск
Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Қазақстан- достық мекені»

Шет аудандық балалар кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан- достық мекені» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның мақсаты балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Әр түрлі өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, кәріс т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, қыздарымыз басқа ұлттың киімдерімен мың бұралып билеп, ортаға өз өнерлерін салды. Сонымен қатар ақ қағаздан қиылған көгершіндерге оқырмандар өз арман-тілектерін жазып, шарға жабыстырып, далаға ұшырып жіберді.

Шара барысында «Ынтымақ –достық кепілі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды. Әдеби-сазды кеш соңында оқырмандар «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін хормен орындады.







1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commenti


bottom of page