top of page
Поиск
Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Ана-гүл,Ана-өмір шуағы»


Ана!Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын

бөлген күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі. Ананың махаббаты,ананың жүрегі – күннің шуағынан да жылы,айдың сәулесінен де жарық. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.

Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.

Ертеңімді әрдайым ойлап,

Арманың асқақ болсын балам дейтінсің,-жан ана…, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.Осы орайда аудандық балалар кітапханасында «Ана-гүл,Ана-өмір шуағы»атты джем-сейшн өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандар аналарына арналған әндерін шырқап,жүрек жарды өлең жырларын оқыды.Сонымен қатар өз қолдарынан жасаған құттықтау қағаздарын табыстады.Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар,ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан аналарымыз қандай құрмет болса да лайық.

2 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


bottom of page