top of page
Поиск
Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Ата Заңым – ақ таңым»

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Шет аудандық балалар кітапханасында «Ата Заңым – Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты өтті.

«Ата Заңым – ақ таңым» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.





0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page