top of page
Поиск

«Балалар жылы» және «Туған жерге тағзым»

  • Фото автора: shetbalalar kitapkhanay
    shetbalalar kitapkhanay
  • 5 дек. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

Спорт – салауттылық кепілі, денсаулық тірегі. Әдетте кез-келген тұлға спортпен шұғылдана береді, бірақ шын спортшы болу әрқайсының қолынан келе бермейді. Өйткені, спорт өнерінде қайсар мінез, күш жүгерлі, төзімділікті үйлестіре білген адам ғана айналысып, биік шыңдарға жетеді. Осыған орай , өсіп келе жатқан балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, Шет аудандық балалар кітапханасында «Балалар жылы» және «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жерлесіміз, дзюдодан әлем чемпионы Смағұлов Жансай Жанатұлымен «Туған жерге туыңды тік!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуде, Жансай Жанатұлы өзінің балалық шағынан бастап, спортқа алғаш жасаған қадамы жөнінде әңгімелесіп берді. Қәзіргі таңда, Жансай Жанатұлы жуырда Токиода өтетін жарысқа жаттығып, дайындалып жатқаны туралы айтып өтті.

Жас оқырмандардың бар сұрақтарына жауап беріп, құнды кеңестер берді. Кездесуден кейін, балалар туған жеріне деген сүйіспеншілік, салауаттық өмір салтын сақтап, спортпен айналысуға деген құлшыныс пайда болды. Ар-намыс ұғымын жоғары қойып, ешқашан ешкімге таптауға бермеу керектігін түсінді. Кездесу соңында жас оқырмандар Жансай Жанатұлымен естелік суретке түсті. Осындай мәнді, әсерлі кездесу сыйлаған жерлесімізге алғысымыз шексіз. @smagulovkaz







 
 
 

Comments


bottom of page