1 сәуірде әлем бойынша құстар күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл күннің шығу тарихы ХХ ғасырдан басталады. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауыл шаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы» құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылдан тойлана бастады. Атаулы күннің мақсаты- табиғаттағы құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда құстардың 318 түрі кездеседі. Олардың 55 түрі ұя салады, 77 түрі ұшып өтетін, 46 түрі сирек кездесетін ұшып келуші (немесе кезеген), және 8 түрі қыстауға ұшып келуші құстарға жатады. Тұрақты түрде ұя салушылар 116 түрі жатады. Ал Қазақстанның қызыл кітабына 36 түрі енген. Құстар- табиғаттың өмір көркі. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі.
Халықаралық құстар күнімен құттықтаймыз!
Comentarios