Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бірінші шілде «Домбыра күні» мерекесіне орай аудандық балалар кітапханасы ауданымыздың «Фатих-Сұлтан» балабақшасына жылжымалы кітапхана аясында барып, бүлдіршіндерімізге домбыра туралы мағұлымат берді. Және қонақ болып келген өнер мектебінің ұстазы шертпе күй шебері Мұстафин Қайрат ағамыз күйден шашу шашып, бүлдіршіндер мың бұралған билерімен қуантты. Сонымен қатар кітапханамыздың кітапханашысы Сезімхан Жанерке домбырамен «Ана» туралы әнін құйқылжыта орындап берді.
#домбыракүні @fatihsultands
Comments