"Балалар жылына" орай, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар, сіздер үшін жазамыз!» атты кітапханалық жобасы аясында Шет аудандық балалар кітапханасында әдебиет саласында толассыз қызмет етіп, бар саналы ғұмырын балалар әдебиетінің өркендеуіне арнаған қазақтың көрнекті жазушысы, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері «Көгілдір соқпақ», «Ертегіден келген бала», Көлге шомылған ай», «Нәзік жаңғырық», «Құла түздегі үнсіздік» және бірнеше томдық «Таңдамалы шығармалар» повестері мен әңгімелер жинақтарының авторы Айымбетов Мәди Айтбенбетұлымен кездесу өтті.
Кездесуге Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ.Уатаева мен мектеп ұстаздары, кітапхананың жас оқырмандары қатысты.
Балалар кітапханасының жас оқырмандары Мәди Айымбетовтың «Күнікей» повесінің желісі бойынша көрініс қойды. Сонымен қатар шарада жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы бейнеролик де көрсетілді. Аталған шараға С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстазы, күйші Ж.Дәулетбеков «Балбырауын» күйін орындап берсе, осы аталған мектептің оқушысы Д.Қайролла «Туған жер» әнін шырқады.
Кездесу барысында оқырмандар жазушыға өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтарға тереңнен жауап беріп отырған жазушы Мәди Айымбетов туған жер, Отан, патриоттық рух тұрғысында рухани әңгіме өрбітті. Кездесу соңында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ.Уатаева сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Аудандық орталық кітапхана директоры М.С.Нурпеисова жазушыны өткен туған күнімен құттықтап, құрметті қонаққа ата дәстүріміз бойынша шапан жапты. Сонымен қатар жүздесуге ниет білдіргендері үшін оқырмандарға өзінің ризашылығын білдірген жазушы жас оқырмандарға жарқын болашақ тіледі. Оқырмандар жазушыдан қолтаңба алып, суретке түсіп, мәз-мейрам болып тарқасты. Кітапхана ұжымы да арнайы уақыт бөліп, оқушылармен кездесуге келгені үшін қаламы қарымды қаламгерге зор алғыстарын айтты. @odb_abai #Мәди Айымбетов #жазушыменкездесу #Балаларжылы
Comentarios