top of page
Поиск
  • Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман»

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, өзара әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында «Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» атты аудандық семинар-тренинг өтті. Аталмыш семинар-тренингке аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары Қойшыбаева Арайлым Мұратқызы мен Кемелбай Динара Есейқызы қатысып, «Кітап кәмпиттері» атты жарнамалық акциясына шеберлік сағат көрсетті.

"Кітап кәмпиттері" бұл акция әрбір пайдаланушыға сұрақ қойылып, дұрыс әрі жылдам жауап берген оқырманға кітап жарнамасы мен кітапхананың мекен-жайы жазылған фантиктер бекітілген кәмпиттер беріледі. Акция қатысушылар достары мен таныстарына "кітап пен оқудың тәтті дәмін" татып көруді ұсыну үшін кәмпиттерді өздерімен бірге алып кетті.












0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page