top of page
Поиск
Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Кітап – балалықтың адал досы»

Шет аудандық балалар кітапханасында 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне «Кітап – балалықтың адал досы» атты отбасылық оқу өткізілді. Аталмыш шараға ҚР Мәдениет қайраткері, Шет ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, кәсіпкер –құрылтайшы, «Фатих- Сұлтан» және «Сұлтан-2019» бөбекжайларының директоры, 8 немеренің әжесі -Ахметова Гульшара Қамиқызы кітапханамызға немерелерімен қонаққа келді. Шара барысында Гульшара Қамиқызы немерелеріне «Алдар Көсе», «Ерте, ерте, ертеде....», «Өнегелі ертегілер», «Қожанасырдың хикаялары» ертегілерін оқып берді. Сонымен қатар, кітапханашы Жанерке Сезімхан викториналық сұрақтар қойып, жаңадан түскен балалар әдебиеттеріне шолу жасады. Шара соңында ата-әжемен бірге оқыған ертегілер, аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой-өрісі кеңейетіндігі, кітап оқу кезінде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпейтін із қалдыратындығы жөнінде әңгімеледі.








1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page