«Кітап- балалықтың адал досы»
- shetbalalar kitapkhanay
- 12 апр. 2023 г.
- 1 мин. чтения
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күнін мерекелеу және «Кітап- балалардың ең жақсы досы» балалар кітабы апталығының аясында аудандық балалар кітапханасында «Кітап- балалықтың адал досы» әдеби салон өткізілді. Осы мерекеге тұспа-тұс келген ұлы даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсеннің (1805-1875) туған күні де аталып өтті. Андерсен балалар кітабын жазуға баға жетпес үлес қосқан, әлемге өзінің туындыларын көптеген әдемі ертегілерін сыйлаған. Шебердің қаламынан туған «Ұсқынсыз үйрек», «Қар патшайымы», «Шақпақ тас» және басқа да көптеген туындылары шықты. Іс-шараны өткізу барысында балалар Халықаралық кітап күнінің тарихы және Х.К. Андерсеннің өмірбаяны, оның керемет ертегілері туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды.



Σχόλια