Шет аудандық балалар кітапханасының жоспарына сәйкес «Туған жерге тағзым» жобасы және «Балалар жылы» аясында батыр Сеңкібай Оразғалұлының кесенесі және Қаражартас қорымына «Жас тарихшылар» атты экспедиция ұйымдастырылып, тарихи жерлерге саяхат жасалды. Экспедиция құрамында Шет аудандық археологиялық –этнографиялық музейінің қызметкері, Шет аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері және кітапхананың жас оқырмандары барды. Экспедиция барысында Талды өзенінің бойынан шамамен біздің заманымызға дейінгі қола дәуірге жататын оба «Қаражартас-1» және «Қаражартас-2» тарихи ескерткіштеріне барып, музей қызметкері Б.Баяманова зерттеп жатқан археолог мамандардың мәліметтерін айтып, бұл қорғаннан табылған қола жебе ұштары, қыш құмыраның сынықтары, тас қайрақ туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар оқырмандарға «Қазақстанның киелі жерлері» атты жаднамалар таратылды.
@museumshet
@shet.library
Comments