«Қазақтың қылқалам шебері»
- shetbalalar kitapkhanay
- 12 апр. 2022 г.
- 1 мин. чтения
Шет аудандық балалар кітапханасында балалар ақыны Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың қылқалам шебері» деген тақырыпта әдеби квест өтті. Іс –шара барысында кітапханашы Айнұр Қазбекқызы ақынның өмірбаяны туралы айтып, шығармаларына тоқталып, өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Кітапханамыздың оқырмандарымен «Ұнатамын күзді» өлеңінің желісі бойынша «Сиқырлы сандықша» (жұмбақ шешу), «Кім жылдам?», «Алма теру» ойындары ойнатылды. Ойын барысында жылдам, әрі дұрыс жауап берген оқырмандар жеңіске жетті. Жеңімпаздарға тәттілер үлестірілді.



Comments