«Ұл өсіре отырып, жердің, елдің иесін, қыз өсіріп, ұлтты тәрбиелейтін»
- shetbalalar kitapkhanay
- 18 мая 2022 г.
- 1 мин. чтения
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, әрбір жанның алтын діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.Әрбір бүлдіршіннің бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде алғашқы қадам-отбасы . «Ұл өсіре отырып, жердің, елдің иесін, қыз өсіріп, ұлтты тәрбиелейтін» дана халқымызды отбасы мәселесін әрқашан бірінші орынға қоя отырып, отбасындағы дұрыс тәрбие ұл мен қыздың болашақта ұрпақ сабақтастығын жал¬ғас¬тырып, қоғамға пайдалы аза¬мат болып қалыптастыру мақсатында аудандық балалар кітапханасында 15- мамыр отбасы күніне орай «Шаңырақ шуағы» деген тақырыпта отбасылық караоке өткізілді.Отбасылық караокеге кітапханамыздың оқырманы Жандосұлы Русланның отбасы «Аман болсын Отбасым» әнін шырқап,жүрек жарды тілектерін білдірді.
Comentarios