top of page
Поиск
  • Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Ұлы суретшілер шығармашылығы»

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, кітапқа қызығушылығын арттыру. «Нұрдәулет» бөбекжайының «Құлыншақ» ортаңғы топ бүлдіршіндері мен тәрбиешілері Ж.Тажибекова және Д.Айешова Шет аудандық балалар кітапханасына саяхатқа келді. Бүлдіршіндер кітапхананың пайдалану ережесімен таныстырылып, кітапхана, кітап қорындағы балаларға арналған кітаптар туралы мәлімет берді. «Ұлы суретшілер шығармашылығы» кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен таныстырылып, өнер әлеміне саяхат жасадық. Балаларға қордан жинақталған топтамаларды да ұсындық. Ең қызықты ертегілер, сансыз сұраққа жауап беретін энциклопедиялар мен көркем суретті кітаптар балаларға ұсынылды. «Ертегілер әлемі» атты балаларға арналған кітап көрмесі балаларға қызықты болып, қолдарына кітап алып, парақтап мақтанышпен алғашқы кітабын да таңдап жатты. @nurdaulet.bobekzhay





0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page