Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Биыл Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай аудандық балалар кітапханасында «Әліппе – Fest» атты интеллектуалды ойын өтті. Шараға «Қазығұрт» бөбекжайының @kazygyrt.bobekjai бүлдіршіндері келіп қатысты. Аталмыш шара барысында кітапханашы Арайлым Мұратқызы балалармен «Ойлан тап!», «Ақындар шықты сайысқа», «Кім жылдам?» және «Сандықша» атты интеллектуалды ойындар ойнатылды.
top of page
663c4fe7-9886-40ba-ba27-fdbafb56b34d
241451fc-68e4-48d8-8b86-ea9822fc04cf
01df55_340ed58647464049b934268c3b0e8db2_mv2_d_5184_3456_s_4_2
663c4fe7-9886-40ba-ba27-fdbafb56b34d
1/14
bottom of page
Comments