«Өнер бағының бұлбұлы»
- shetbalalar kitapkhanay
- 1 июл. 2022 г.
- 1 мин. чтения
Күміс көмей, жезтаңдай әнші Күләш Байсейітованың туғанына биыл – 110 жыл. Тума талант иесі небәрі 24 жасында КСРО Халық әртісі атанғаны барша қазақ үшін мәртебе һәм мақтаныш. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген халық даналығы. Жылдар жылжып өткен сайын қазақ бұлбұлының да есімі жұлдыздай жарқырай түсті. Әншінің мерейтойына орай аудандық балалар кітапханасында «Өнер бағының бұлбұлы» деген тақырыпта импровизация кеші өтті. Кеш барысында оқырмандар әншінің өмірімен, шығармашылығымен танысты, әндерін түрлі форматта шырқады. Сонымен қатар Мейрамова Айсара мен Мейрам Нұршахистан домбырамен күй тартты.



留言