top of page
Поиск
Фото автораshetbalalar kitapkhanay

«Өнерлінің қолы- алтын»

Қолөнерге құмар жас оқырмандардың басын біріктіріп, бос уақыттарын тиімді өткізуге жәрдемдесу үшін Шет аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, «Өнерлінің қолы- алтын» үйірмесінің жетекшісі Жанерке Сезімханқызы кітапханада аптасына бір рет тегін қолөнер сабағын өткізеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізілетін сабақтарға келушілер саны өскен.

Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған.

Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.

Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа,сырға, белдік, кулон, білезік т. б. Бүгінгі қолөнер сабағында жоспар бойынша үйірме мүшелері түрлі-түсті шыны моншақтардан , бисерлерден сақина-білезіктер топтамасын жасады.
















4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page