top of page

«Әжемнің ертегілері» әжелер сайысы

  • Фото автора: shetbalalar kitapkhanay
    shetbalalar kitapkhanay
  • 15 февр. 2018 г.
  • 1 мин. чтения

Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету мақсатында аудандық балалар кітапханасында «Әжемнің ертегілері» атты әжелер сайысы өткізілді. Сайысты кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Қойшыбаева мен мектеп кітапханашысы А.Серикбаевалар жүргізді. Сайысқа Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің оқушылары өз әжелерімен келіп қатысты.

Сайысымыз төрт кезеңнен тұрды:

І. «Шаңырағым, шаттығым» - өзін немесе отбасын таныстыру(3 мин)

ІІ. «Әжемнің ертегілері» - өз өнері(5 мин)

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр» - салт – дәстүрге байланысты сұрақтар(2 мин)

ІV. Үй жұмысы (қолөнер, ас дайындау, т.б. 3 мин)

Осы кезеңдерден барлық әжелеріміз бен немерелері сүрінбей өтіп, барлық білімдерін ортаға салып, салт-дәстүрді жақсы білетіндерін аңғартты. Сайысты қорытындылай келе

  1. Ішікбай Ерсұлтан әжесі Ақжарқын апамен қатысып, «Өнерлі әже» номинациясын;

  2. Жаныбекова Диана әжесі Раушан әжемен қатысып, «Шебер әже» номинациясын;

  3. Елеу Диляра әжесі Ляззат әжемен қатысып, «Дана әже» номинациясын ұтып алса,

  4. Ғарифолла Нұрболсын әжесі Тілеужан әжемен қатысып, «Парасатты әже» деген номинацияға ие болды.

Сайсысымыздың соңында әжелеріміз келешегіміз- жас оқырмандарымызға өз бата-тілектерін жаудырып, жақсы көңіл – күймен тарасты. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ш.К.Ахмет «Әрқашан еркелетіп жүрер әжелеріміз аман болсын деген тілекпен» сайысымызды аяқтап, ат салысқан ұстаздарымызға, әжелерімізге, жас оқырмандарымызға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын табатындығын айтып, оқырмандарды белсенді болуға шақырды.


 
 
 

Комментарии


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Поиск по тегам
bottom of page