top of page

Кітап патшалығына саяхат.

«Кітапхана» ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей, соқпағынан адастырмай, жетелеп келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен даналықтың киелі ордасы. Кітапхана ісі – еліміздің мәдени саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени ағарту қызметінің жемісі болып табылады. Кітапхана –оқырман үшін үлкен тәрбие мекені.Кітапты сүйіп оқуға тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Қазығұрт» бөбекжайының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері аудандық балалар кітапханасына саяхатқа келді. Бұнда балалар аудандық кітапхана туралы, кітапхананың ішкі бөлімдерімен абонемент, оқу залымен таныстырылып, балалар кітап қоры туралы мәлімет алды. Бөлімде ұйымдастырылған « Кітаппен бірге өсеміз», «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітап көрмелерімен танысты. Кітапханашылар балаларға арнап интерактивті тақта арқылы ертегі көрсетіп, олардың көңіл күйлерін көтеру үшін ән шырқатып, би билетті. Белсене қатысқан балаларға тәттілер үлестірілді.



Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Тегов пока нет.
Поиск по тегам
bottom of page