top of page

«Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет»

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашан да айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты, тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы. Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі саналады.Осыған орай, аудандық балалар кітапханасында ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет» атты Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісінің иегері Алибаева Гүлжан Сәкенқызымен кездесу кеші өткізілді.Кеш барысында Гүлжан Сәкенқызымен ұстаздық өмірі жолы туралы әр оқушының шығармашылық тұлғаға жетелеу,әр баланың қабілетін,талантын ашу,өзіне-өзінің жол ашуын, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті туралы сыр шертілді.





Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Тегов пока нет.
Поиск по тегам
bottom of page