top of page

«Уақыттың қозғалысын ғылым мен технология жүзеге асырады»

Қарағанды қаласындағы Абай атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен балалар әдебиеті жылына арналған «Қарағанды библиодайвингі» аясында Шет аудандық балалар кітапханасында «Уақыттың қозғалысын ғылым мен технология жүзеге асырады» тақырыбында фестиваль өтті. Фестиваль ZOOM платформасында сағат 11.00-де Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакенов және Абай атындағы балалар кітапханасының директоры Б.Қ.Уатаева құттықтап, салтанатты түрде ашты.

Фестивальді өткізуге Шет аудандық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 6-7 сынып оқушылары, «Жас сарбаз» 9 «Ә» сыныбының оқушылары, еріктілер Ораза Нұртілек, Нұржан Саламат және Егінбай Жандәулет, Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің қызметкері Б.М.Баяманова ат салысты.

Мерекелік бағдарлама барысында «Ойла да, ойна» деген тақырыпта «Кубик-рубик» алаңын кітапханашы А.Қ.Нұршаева ұйымдастырып, балаларға әр түрлі ертегі кейіпкерлерін және роботтарды құрастыруға көмектесті.

«Жаңа технология жетістіктері» алаңында кітапханашы Ж.Сезімхан тұз, ас содасы, тауықтың жұмыртқасы, шар, уксус қышқылы, кальций глюканаты, су, тіс шықығыш сияқты әр үлгілерден бірнеше тәжірибелер жасады.

«Роботтар әлемі» алаңында әдіскер А.А.Бакирова және «Жас сарбаз» 9 «Ә» сыныбының оқушылары, еріктілер Ораза Нұртілек, Нұржан Саламат және Егінбай Жандәулет робототехника туралы жалпы мағлұмат бере кетіп, өздері құрастырған роботтарының құрылымын айтып өтті.

«Көрінбейтінді ашатын құрылғы» микроскоп алаңын кітапханашы А.М.Қойшыбаева пияз жасушасы, өсімдік жасушасы, жануарлар жасушасы, жапырақ жасушасы, зең (көгерген) мукоры және т.б. тірі ағзалардың жасушаларын микроскоп арқылы көрсетті.

«Өлкенің гүл жайнаған балғындары» ашық микрафон алаңын кітапханашы Ж.Сезімхан ұйымдастырып, фестивальға келген оқырмандар арасында Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушылары Мейрамова Айсара «Көне тараз», Беркина Ақмарал «Келіншек» күйлерін тартты, сонымен қатар Мейрамбек Жәния, Ораза Нұртілек, Беркина Ақмарал мәнерлеп өлең оқып берді.

Шет аудандық балалар кітапханасының кітап қорында техника туралы 361 дана кітап, оның ішінде 144 дана қазақша кітапты құрайды.

«Ғылым мен техника әлемі» кітап аймағын кітапханашы А.М.Қойшыбаева ұйымдастырып, таныстырып өтті. Көрмеде ғылым мен техника және технология туралы кітап қорындағы кітаптар қойылды. Сонымен қатар, ұлы адамдардың қанатты сөздері, кітаптардың ақпараттық беттері мен жаднамалар назарға ұсынылды.

«Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер» тақырыбында Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің этнография залына экскурсияға барып, музей қызметкері Б.М.Баяманова келген оқырмандарды қызықты жәдігерлермен таныстырды.

«Ертегілер еліне қош келдіңіздер!» кино залында кітапханашы Ж.Сезімхан қазақтың «Ер Төстік» ертегісі қойылып, балалар қызыға тамашалады.

Мерекелік шара соңында балалармен түрлі ойындар ойнатылып, тәттілер үлестірілді.






Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Тегов пока нет.
Поиск по тегам
bottom of page