«Құқықтық сауаттылық-заман талабы
- shetbalalar kitapkhanay
- 10 дек. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Обновлено: 13 дек. 2021 г.
Шет аудандық балалар кітапханасында оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шет аудандық ПБ жергілікті учаскелік инспекторы, полиция капитаны Лажимов Жанболат Амантайұлы және полиция кіші лейтенанты Есқалиев Айдархан Қайратұлымен «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында, полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан оқырмандар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.


Comments