top of page

«Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі»

9 мамыр –Ұлы Жеңіс мерекесі!Бұл отты жылдар оқиғасын еске салар,кімді болса да толқытпай қоймайтын аса қастерлі ерекше айтулы күн болмақ.Өйткені ,бұл күн –отты жылдарда қан кешіп,бізді бейбіт өмірге жеткізген майдангерлер- соғыс ардагерлеріне шексіз құрмет көрсету мен өз жандарын болашақ бақыты үшін құрбан еткендерді еске түсіру күні.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн.Осы орайда Шет аудандық балалар кітапханасында 6 мамыр күні «Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі» атты тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатына Ы.Алтынсарин мектебінің 5 сынып оқушылары мен Қайрақты ауылының бастауыш сынып оқушылары келіп қатысты.Іс-шара барысында соғыста ерлік жасап қаза тапқан оқырмандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, оқырмандар Жеңіс күніне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.Интерактивті тақта арқылы оқырмандарға «Ерлік- елге мұра» атты бейнеролик және өлкемізден сұрапыл соғысқа қатысқан азаматтар туралы бейне слайд көрсетілді.Қайрақты ауылынан келген оқырмандар «Катюша» биін билеп,кітапхана библиографы Нұршаева А. «Жеңістің жаңғырығы» атты кітап көрмесімен таныстырды.Сонымен қатар оқырмандардың Жеңіс күніне арнап салған суреттері көрмеге қойылды.Іс –шара соңында хормен «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» ән орындалды.





Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Тегов пока нет.
Поиск по тегам
bottom of page