top of page

«Жыр алыбы-Жамбыл» әдеби вернисаж

  • Фото автора: shetbalalar kitapkhanay
    shetbalalar kitapkhanay
  • 22 июл. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Шет аудандық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 наурыз күні «Жыр алыбы-Жамбыл» атты әдеби вернисаж зум желісі арқылы Ақадыр кенттік кітапханасымен телекөпір өткізілді.Іс-шараны аудандық балалар кітапханасының әдіскері Бакирова Айгүл мен Ағадыр кенттік балалар кітапханасының меңгерушісі Қалижан Нұршат жүргізді. Екі кітапхана оқырмандары кезектесіп сұрақ-жауап ойындарын ойнады.Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейне слайд көрсетілді.

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 5 сынып оқушылары жыр алыбы ақын- Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.Жырларың жаңғырып тұр міне бүгін,-деп оқырмандар кезектесіп ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.



 
 
 

Comments


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы мәліметтер
Мұрағат
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
Поиск по тегам
bottom of page