«Жыр мұхитының жиһангері» әдеби кеш
- shetbalalar kitapkhanay
- 22 июл. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Шет аудандық балалар кітапханасында М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жыр мұхитының жиһангері» атты әдеби кеш ұйымдастырылып,өткізілді.Ақынға арналған әдеби кешті оқу залының кітапханашысы Қошыбаева Арайлым жүргізді.Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 5- сынып оқушылары жыр жүйрігі,ақиық ақын- М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.Ал кітапхана библиографы- Нұршаева Айнұр оқырмандарымызды «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесімен таныстырды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев біртуар талант иесі бұл күнде өмірден өтсе де,оның есім барша қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталған. Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне терең бойлаған сайын оның өшпес рухы көңілге ұялап,шабыт берері анық. «Өлең -өнер, өлең- дерт»-десек,оны туа бітті дарын иесі,шын талант қана өмірге әкелері ақиқат.Ақынның әкелген сөз жүректерге ән болып,әуен болып жетіп жатады. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан –жылға , ғасырдан –ғасырға жалғаса бермек.


Comments